Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды

Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды

Сыр өңірінде 9 аумақтық және 386 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, бүгінде қызу жұмыс істеп жатыр. Жалпы, облыста 500 мыңнан астам сайлаушы бар. Ең басты талап - сайлау кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасау, дауыс беру процесін сапалы ұйымдастыру. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман бірқатар учаскенің жұмысымен танысып, жағдайды бағамдады.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайын жасау. Оған біз арнайы кабина дайындадық. Оның көлемі кеңдеу болады. Арбамен келген сайлаушы кіріп, шығатындай жағдай жасап жатырмыз. Нашар көретін біздің сайлаушыларға брайль қаріпімен әзірлеген арнайы трафарет бүкіл республика бойынша 10400-ден астам учаскелерге таратылады.

Атырау облысында сайлау кезінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға екі бірдей кен орнында сайлау учаскесі ашылды. Оған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов арнайы барып, вахталық қалашықтағы №288 сайлау учаскесінің жұмысымен танысты. Мұнда 1400-ге жуық мұнайшының дауыс беру құқығы бар. Ал екінші учаске Жылыой ауданындағы Прорва кен орнында орналасқан. Жалпы облыста 428 мың 127 сайлаушы тіркелсе, оның 11 мыңнан астамы мұнайшылар.

Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Атырау қаласына барып дауыс беруге мәжбүр болатын еді. Немесе сайлау комиссия мүшелері осы жаққа тасымал жәшіктерімен келіп дауыс алатын еді. Қазіргі жағдайда жұмысшыларға ыңғайлы жағдай жасалып жатыр. Таңғы 7-ден бастап өзіне ыңғайлы уақытта келіп дауыс береді.


Бөлісу