БҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі 5 трлн теңгеге жетті
Сонымен қатар Президент Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Аймақтың жалпы өңірлік өнімі соңғы үш жылда 13,6 пайызға өсіп, 5 триллион теңгеге жеткен. Өткен жылы облысқа 874,5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысы басталады. Жобаның құны 1,7 триллион теңге. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы басталмақ.
Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 әлеуметтік нысан салынып, мың жарым шақырым жол жөнделген. Жалпы құны 7,6 млрд құрайтын төрт вокзал жаңғыртылып, ел игілігіне берілді. Президентке ауыл шаруашылығы, энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстар бойынша толық мағұлмат бердім. Президент өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47