Саясаттанушы: Ашық дебат саяси белсенділікті арттырады
Елімізде партияаралық саяси пікірталас мәдениеті біртіндеп қалыптасып келеді. Алматыда өткен сарапшылар алаңында мамандар осындай пікір білдірді.
Сарапшылар сайлау науқанының негізгі мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, халықтың
дауыс беруге дайындығы, партия таңдауға әсер ететін факторлар, өңірлік
ерекшеліктер, теледебаттар және үгіт-насихатта жасанды интеллектіні қолдану мәселелері
сөз болды. Саясаттанушы Нұрболат Нышанбаевтың айтуынша, тікелей эфирде өтетін
ашық теледебаттар сайлаушыларға партиялардың бағдарламасын салыстырып,
кандидаттардың білімі мен ұстанымын бағалауға мүмкіндік береді. Ал жастар үшін
дебаттар мен әлеуметтік желідегі қысқа контент саяси ақпаратты қабылдаудың
тиімді тетігіне айналып отыр.
Нұрболат Нышанбаев, саясаттанушы:
Батыс елдерінде саяси дебат пікірталас бір жылға жуық созылып жатыр. Дебаттан тұтастай сайлауға дейін жеңіліп жатса, дебат арқылы сайлаушылар имиджін көтеріп жатыр. Менің ойымша, Қазақстанға цифрлық аумақты меңгеру, саясаткерлердің тек ғана дәстүрлі медиада емес, барлық ақпарат құралдарында белсенді жұмыс жасау арқылы өзінің саяси ықпалын, бағдарламасының тұжырымдылығын бір қалыпта ұстап отыру бойынша халықаралық тәжірибе керек.
Талқылау алаңында сарапшылар қазіргі сайлау науқанында халықтың белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Іс-шара барысында интерактивті QR-сауалнама жүргізіліп, қатысушылардан партиялық үгіт-насихаттың сипатын бағалау сұралды. Зерттеулер бойынша азаматтардың 70 пайыздан астамы дауыс беруге дайын екенін айтқан. Қатысушылар сайлау науқанының ерекшелігі ретінде партиялар арасындағы жоғары бәсекелестікті, жаңа тұлғалардың пайда болуын, сайлаушылармен белсенді жұмысты атап өтті. Осы ретте мамандар теледебаттар, әлеуметтік желілер және жаңа технологиялар сайлаушылармен байланыс орнатудың маңызды құралына айналып келеді, дейді.
Жомарт Сімтіков, саясаттанушы:
Бұл Қазақстан халқының 23-тамызда болатын сайлауға психологиялық тұрғыдан дайын екеніндігін және өздерінің осы саяси процестердегі көзқарастарын анық білдіре алуына үлкен мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Сонымен қатар, күнделікті әлеуметтік желілерде, баспасөз құралдарында, телевидениеде беріліп жатқан ақпараттардың барлығы адамдардың саяси сауаттылығын арттыра түсті деп айтуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы