Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Мемлекет басшысы биылғы алты айдың ақша-несие саясатының қорытындылары туралы есепті тыңдады. Тимур Сүлейменов жылдық инфляция көлемі он ай қатарынан төмендеп, шілдеде 10,2 пайыз болғанын айтты. Бұған теңге бағамының нығаюы, тұтыну белсенділігінің тұрақталуы, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы бірлесе қабылдаған жан-жақты шаралары ықпал еткен. Банктердің бизнеске берген несие көлемі 17,1 пайызға өскен. Тұтынушылық кредиттер болса 13 пайызға дейін көбейген. Бірақ жыл басымен салыстырғанда ол 8 пайызға баяулап отыр. Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің жиынтық көлемі 127,3 миллиард долларға жетіп отыр. Ал бірінші жартыжылдықтағы Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2,3 миллиард доллар болған. Кездесуде цифрлық қаржы активтерін дамыту және Ұлттық төлем жүйесі аясында ортақ QR төлемі енгізілгені айтылды. Сонымен қатар инфляцияны 5 пайызға дейін тұрақтандыру үшін барлық шара қолға алынып жатқаны баяндалды. Президент Ұлттық банкке бірқатар міндет жүктеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы