Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
eGov жүйесі бұзылып, 15 миллион қазақстандықтың дерегі тарады деген ақпарат жалған. Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізді. Darknet-те сатылымға шығарылған файлдар да зерттелді. Талдау нәтижесінде бұл материалдар eGov жүйесінен алынған деректер базасының көшірмесі емес, әртүрлі белгісіз электронды құжаттар мен суреттердің жиынтығы екені анықталды.
Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
Бұдан бөлек, eGov жүйелерінде хабарландыру авторы көрсеткендей, паспорттардың скан-көшірмелері сақталатын база жоқ. Цифрлық құжаттар мүлдем басқа тәсілмен қалыптастырылады және сақталады. Сондықтан тағы да ресми түрде мәлімдейміз: eGov жүйесі бұзылған жоқ. 15 миллион Қазақстан азаматының деректері eGov жүйелерінен алынды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23