Бүгін – Халықаралық Каспий күні
Бүгін – халықаралық Каспий күні. Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қарт теңіздің экологиялық проблемаларына арналған ғылыми форум өтті.
Оған отандық биолог
ғалымдар, қоғамдық ұйым жетекшілері, салалық басқарма басшылары және Ресей
өкілдері қатысты. Каспий жағалауындағы бес мемлекет теңіздің таяздану мәселесін
2006 жылдан бері бірлесіп зерттеп келеді. Соңғы он жылда теңіз кей тұстарда 3-4
шақырымға, ал жекелеген жағалауларда 10 шақырымға дейін шегінген. Бұл өзгеріс
Каспийдің экожүйесіне ғана емес, өңір экономикасына да әсер етіп отыр.
Сондықтан жыл басынан бері Жайық пен Қиғаш арқылы теңізге 6 миллиард текше
метрден астам су жіберілді. Алайда ғалымдардың айтуынша, бұл Каспийді сақтап қалу
үшін әлі де жеткіліксіз.
Мәнсия Есенаманова, Х.Досмұхамедов атындағы университет профессоры:
Каспий теңізінің экологиялық мәселелері өте қауіпті болып жатыр. Соның ішінде қазіргі уақытта Солтүстік Каспийді ерекше атауға болады. Жайық өзенінен келетін су көлемі көп мөлшерде емес. Сол себептен негізгі мәселе Волга өзенінен келетін судың үлкен үлесі болуы керек. Қазір ол азайып келе жатыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17