Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
Ақтөбе облысында шалғайдағы Терісаққан ауылына 60 адам көшіп барды. Жергілікті кәсіпкер 12 тұрғын үй салып, көшіп келушілерге жұмыс берген. Одан бөлек ауылды абаттандыру жұмыстарына де ерекше үлес қосып отыр.
Қобда ауданына қарасты елді мекенде 150-ге жуық түтін бар. Бір кездері бұл
ауылдан да тұрғындар қалаға қарай үдере көшті. Дегенмен соңғы жылдары бұл
үрдіс тоқтап қана қоймай, халық саны қайта өсе бастады. Жергілікті кәсіпкер
салған үйлердің сегізіне көшіп келушілер қоныстанып та үлгерді. Тағы төрт
баспана дайын тұр.
Ғалия Елепбергенова, ауыл тұрғыны:
Жұмыс істеген жастардың бәріне де үй берілді. Өте ризамыз, қуаныштымыз, елді көтерген жастарымызға, балаларымызға. Ауылды көтерді, ауылда бәрі жақсы. Су бар, жол бар – бәрі бар.
Мұнда екі жыл бұрын жаңа мектеп қолданысқа берілген. Биыл төрт ауылдық округке
қызмет көрсететін өрт сөндіру бекеті ашылды. Қазір саябақ құрылысы жүріп жатыр.
Бұл аумақ көгалдандырылып, жарықшамдар орнатылады. Балалар алаңы және мерекелік
іс-шаралар өткізуге арналған киіз үй бой көтереді. Бұл жұмыстарға шаруа
қожалығы 60 миллион теңге бөлген.
Ерлан Қаспақов, кәсіпкер:
Ауылды көркейтуге тұрғын үй қоры бар. Екіншіден, жұмысшыларымызға жағдай, тұратын орындары жақсы болсын. Қазір отбасылар қаладан көшіп келіп жатыр. 60 шақты адам көшті ғой бала-шағасымен санағанда.
Бұл - мал өсірумен айналысатын аудандағы ең ірі шаруа қожалықтарының бірі. Қазір
30 адам еңбек етеді. Соңғы жылдары өндіріс көлемі артып, техникалар жаңартылды.
Ең бастысы - кәсіпкер қызметкерлерінің ғана жағдайын ойламай, тұтас ауылдың
дамуына үлес қосып келеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03