Конституцияның негізгі діңгегі – отбасы
Халықтық Конституцияда отбасы институтын нығайтуға ерекше мән берілген. Заң ғылымдарының кандидаты Бақытқали Көшпенбетов осылай дейді.
Құжатта неке – әйел мен ер азаматтың тең құқықты одағы ретінде бекітілген. Бұл арқылы отбасы құндылықтары мен ерлі-зайыптылардың құқықтық теңдігі айқындалады. Сондай-ақ Конституцияда баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға да ерекше назар аударылады. Мамандар бұл нормалар отбасы құндылықтарын сақтауға, ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілікті күшейтуге және отбасы бірлігін нығайтуға бағытталған деп отыр.
Бақытқали Көшпенбетов, заң ғылымдарының кандидаты:
Әлемдік құқықтық мәдениетті алып қарайтын болсақ, некеге келген кезде әртүрлі ойлар, пікірлер бар. Оның ішінде заңға енгізіліп қойғандар бар, әйел мен еркек деп бөлмейтін жағдайлар бар. Біздің мәдениетімізге, біздің Конституциямызда көрсетіп қойдық, соларға қайшы келмейтін әйел мен еркектің тең құқылы одағы деп. Баланың тәрбиесіне келген кезде ата-ананың ажырамас құқығы деп көрсетіп қояды және ата-ананың қандай тәрбие беру керектігінде көрсетіп қояды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18