БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
Құрылтай сайлауы күні Біріккен Араб Әмірліктерінде екі дауыс беру учаскесі ашылады. Оның біріншісі Абу-Дабиде, екіншісі Дубайда орналасқан. Яғни өзге елде жүрген отандастарымыз саяси науқанға қатысып, таңдау жасай алады. Шетелде азаматтық позициясын білдіруге ниеттілердің саны көп. Елшілік пен консулдыққа хабарласып, ресми тіркеуге тұрып жатыр. Шығанақ жеріне жұмыс бабымен немесе саяхаттап келген барлық қазақстандық ресми тіркеуде болмаса да, сайлауға қатысуға құқылы. Ол үшін төлқұжат не жеке куәлік болса жеткілікті. Бастысы - мерзімі өтпеген болуы тиіс. Елшілік ақпаратынша, қазір консулдық есепте 400-ге жуық Қазақстан азаматы бар.
Шынар Жұматаева, ҚР БАӘ елшілігінің №447 сайлау учаскесі комиссиясының
төрағасы:
Қазіргі уақытта Абу-Дабидегі Қазақстан елшілігінің консулдық есебінде 215 азамат, Дубай қаласындағы бас консулдықтың консулдық есебінде 150 азаматымыз тіркелген. Алайда өздеріңіз білесіздер, тамыз айы – демалыс айларының бірі. Осы орайда әмірліктер аумағында өз демалыстарын өткізіп жатқан отандастырымыз да баршылық. Сол отандастарымызға айтарымыз -23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын бірге таңдап, ел болашағына үлес қосайық.
Данияр Раисов, Қазақстан азаматы:
Дубайда жұмыс істеп жүргеніме 6 жыл уақыт болды. Жұмыс уақытыма қарамастан, алдағы болатын 23-і күнгі Құрылтай сайлауына қатысып, ел дамуына атсалысып, өз даусымды бергім келеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
The World Financial Review: Қазақстанның инвестициялық картасы қалай өзгерді
07.10.2026, 10:16
«JOLTAP» жобасы барлық өңірде жүзеге асуы мүмкін
07.10.2026, 10:06
Қолөнерші креативті индустрияның дамуына үлес қосып жүр
07.10.2026, 10:05
Ерлан Қарин Джеки Чанмен халықаралық киножобаны талқылады
07.10.2026, 10:05
Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды
07.10.2026, 10:04
Йемен үкіметі көтерілісші хуситтерге қарсы шабуылды күшейтті
07.10.2026, 10:04
Қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр
07.10.2026, 10:04
Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді
07.10.2026, 10:03