Басты Жаңалықтар Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді

Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді

Бүгін Жер шарының кей бөліктерінің халқы Күннің толық тұтылғанына куә болады. Бұл құбылыс 1912 жылдан бері алғаш рет қайталанайын деп тұр.  Қазір бірқатар елдің тұрғындары астрономиялық көріністі  тамашалауға әзірленіп, обсерваториялардың жанына жиналып жатыр.  Айта кетсек, Жер мен Күннің ортасынан Ай өткенде қаратүнектен планетамызға сәуле түспей қалады.

Ғалымдардың сөзінше, Күннің толық тұтылған сәтін Ресейдің солтүстік бөлігі, Гренландия, Исландия, Испания, Португалия халқы көре алады. Ал АҚШ-тың теріскей аудандарында, Канадада, Африканың солтүстік-батысында және Еуропада Күн жартылай ғана тұтылуы мүмкін.

Бөлісу