Басты Жаңалықтар 2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен

2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен

Елімізде жарты жылда 2 миллион 300 мыңнан астам тұрғын онкологиялық скринингтен өткен. Бұл - қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға бағытталған міндетті медициналық талаптардың бірі.  

Жыл басынан бері медициналық ұйымдарда тексеруден өткен адамдардан 1200-ден аса сүт безі, 400-ге жуық ішек жолдары және 227 жатыр мойны обыры тіркелген. Мамандар қатерлі дертті ерте кезеңде анықтау науқастардың өмірін арашалап қалуға бірден-бір себеп деп отыр. Ең әуелі дер кезінде медициналық көмек көрсету маңызды. Жүйелі шаралардың нәтижесінде соңғы жылдары аурудың асқынған сатысында анықталған науқастардың үлесі біршама төмендеген. Бүгінде Қазақстанда жыл сайынғы скринингпен қамту деңгейі 13,5 пайызға артқан. Емханаларда бұл процедуралар ақысыз негізде жүргізіледі.


Бөлісу