Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
Алматыда сауда орталығында кітап беру пункті ашылды.
Мұндағы мақсат – қала тұрғындарының кітапқа
қолжетімділігін арттыру, оқу мәдениетін дамыту, - дейді ұйымдастырушылар. Игі
бастаманың ашылу рәсіміне белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет
саласының өкілдері қатысты. Жиналғандар қоғамдық кеңістікте орналасқан жаңа
нысан халықтың рухани, зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді деп отыр.
Қорда 2000-ға жуық кітап жинақталған. Оқырмандардың қызығушылығы мен сұранысын
ескере отырып, мұнда қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары, әлем әдебиетінің
классикалық шығармалары, заманауи әдебиеттер, балаларға арналған кітаптар,
танымдық және ғылыми-танымдық басылымдар бар.
Серік Қалиев, ақын:
Үлкен бір қазынаның халыққа қайтарылуы, рухани шамшырақтың жануы деп есептейміз. Өйткені біздің түсінігімізде барлығы үлкен үлкен кітапханаларда, арнайы бір орындарда сияқты. Ал енді сауда орындарында ашылып, осындай ізгі ниеттің жолға қойылуы бәрімізді қуантады. Кітап оқыған ұлт ойланады. Ойланған адам дамиды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06