Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
Оралда дропперлік жасаған қала тұрғыны сотталды. Ол біреудің банк шоттарын заңсыз пайдаланып, оңай олжа тапқысы келген.
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны
жеңіл ақша табуды көздеп,
Telegram-каналдардың бірінен жұмыс тапқан. Міндеті – азын-аулақ ақша үшін банк шоттарын рәсімдейтін
адамдарды іздеу. Өз қызметі үшін шотқа түсетін қаражаттың 7%-ын алуға келіскен.
Сөйтіп бір әйел адамды тауып, оның жеке деректеріне қол жеткізген.
Сол
күні ашылған шотқа интернет-алаяқтардың құрбаны болған жәбірленушіден 500 мың
теңге түскен. Ол ақшаның 35 мың теңгесін өзіне алып, қалғанын қылмыстық схеманы
ұйымдастырушыға берген. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 3 жарым жылға бас
бостандығын шектеу жазасын кесті.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18