Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
Мажарстандағы қазақстандық жастар 23-тамызда өтетін құрылтай сайлауына белсене қатысуға ниетті. Жас буын өкілдері өз дауысы арқылы елдің болашағына үлес қосып, азаматтық ұстанымын білдірмек. Қазір Мажарстанда бес жүзге жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі жанынан 407-сайлау учаскесі құрылды. Бүгінге дейін дауыс беру тізіміне 264 адам тіркелген. Жастар елден, демалыстан оралған бетте Елшілікке хабарласып, сайлаушылар тізіміне тұруға асығуда.
Айсұлу Төлешова, Будапештегі Corvinus университетінің түлегі:
23-тамызда болатын құрылтай сайлауына келіп, дауыс беру әрбір Қазақстан азаматы үшін өте маңызды. Себебі, дауыс беру арқылы біз еліміздің болашағына өз үлесімізді тигізе аламыз. Сондықтан, мен өзім 23-тамызда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы елшілілігіне барып, дауыс беремін.
Әмірбек Бекзат, Будапештегі технология және экономика университетінің магистранты:
Қазақстан Республикасы Құрылтай депутататтарын сайлауына қатысуға барамын. Өз дауысымды беремін. Шетелде жүрсек те, Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан бұны өзімнің азаматтық парызым деп қабылдаймын. Сол үшін барлықтарыңызды тамызда сайлауға қатысуға шақырамын.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18