CNN: Зілзаладан кемінде 175 адам қаза тапты
Колумбияның батысында алапат жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 175-ке жетті. Мұны Американың «CNN» телекомпаниясы хабарлап отыр.
Құрбандар қатары әлі де көбеюі мүмкін. Себебі талай адам үйінділердің астында жатыр.
Қуаты 7,4 балдық зілзала ошағы Чоко провинциясында 107 шақырым тереңдікте анықталды. Қазір табиғи апаттан қираған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Дүмпуді Эквадор, Панама және Венесуэла тұрғындары да сезген.
Жер сілкінісінен Колумбияның кофе шаруашылығы аймағындағы Перейра қаласы мен оның айналасындағы елді мекендер ең көп зардап шекті. Ел президентінің мәлімдеуінше, мыңдаған үй қирап, жүздеген адам жараланып, 200-ге жуық тұрғын жоғалып кеткен.
Абелардо де ла Эсприэлла, Колумбия президенті:
Біз қазір Кали қаласының Бірлескен командалық орталығында тұрмыз. Сіздерге соңғы әрі жаңартылған мәліметтерді ұсынғым келеді. Жалпы алғанда, 5 мыңдай үй зақымданды немесе құлады. Жараланғандар саны болса, шамамен 700-ге жетіп, 188 адам жоғалып кетті. 39 мектеп пен әуежай да зардап шекті. Бізді аса алаңдатып отырғаны мәселе – ізім-қайым кеткен адамдардың тағдыры.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13