Басты Жаңалықтар Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді

Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді

Дауыс беру күні ымдау тілі мамандары, «Инватакси» қызметі және арнайы дайындықтан өткен волонтерлер көмек көрсетеді. Ал бюллетень мазмұнымен өз бетінше танысу үшін арнайы бұрыштарда аудионұсқа ұсынылады. Орталық сайлау комиссиясында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын толық жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Негізгі мақсат - әр азаматтың сайлау учаскесіне кедергісіз кіріп, ақпаратты өз бетінше алып, еркін дауыс беруіне жағдай жасау. Жұмыс тобы барлық өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді. Тексеру кезінде пандус, арнайы автотұрақ, тактильді бағыттағыш, кең кабиналар мен көмек шақыру түймелерінің болуы тексерілді. Дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль трафареті бірнеше кезеңдік сараптамадан өтіп, пайдалануға ыңғайлылығы тексерілді.

Кенжеғұл Социалұлы, ҚР Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобының мүшесі:

Брайль тілінің қандай болуы керек екенін қолымыздан келгенше барлық ұсынысты бердік. 30 мыңға жуық көз жанарынан мүгедектігі бар азаматтар дауыс береді. Осы азаматтарға 10 мыңнан аса дауыс беретін учаскелерде трафареттер жеткізіледі.
Бөлісу