Басты Жаңалықтар Дрондар мен мобильді кешендер жолдағы қауіпсіздікті бақылайды

Дрондар мен мобильді кешендер жолдағы қауіпсіздікті бақылайды

Елімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық бақылау жүйелері іске қосылды. Ережені ескермеген жүргізушілерді дереу нысанаға алатын дрондар мен мобайл кешендер қалай жұмыс істейді? Заманауи техникалардың қандай артықшылығы бар?

Ернұр Медет, тілші:

Бірі биіктен бақылайды, екіншісі жерден қадағалайды. Енді бірі көліктердің жылдамдығын анықтайды. Рет-ретімен таныстырайын. Дрондардың мүмкіндігі мол. Оның көмегімен шамадан тыс жүйткіген немесе жол ережесін өрескел бұзған көлікті алыстан-ақ көруге болады. Сондай-ақ сын сағаттарда полиция жедел әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын ала алады.

Ал жол бойындағы жағдай мобильді кешендердің бақылауында. Патрульдік машиналарға орнатылған жүйелер жүргізушінің телефон пайдаланғанын, жаяу жүргіншіге жол бермегенін, тіпті қауіпсіздік белдігін тақпағанына дейін тіркейді.

Сондай-ақ қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жүрісі де есепке алынады. Яғни жүйе көліктің бір нүктеден екіншісіне қанша уақытта жеткенін анықтап, сол аралықтағы жылдамдығын есептейді. Мұндай бақылау қазір республикалық маңызы бар 12 бағытта енгізілген.

Бағланбек Айтпаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылуда. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды.

Ернұр Медет, тілші:

Цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Себебі тар жолда жүргізушінің де тізгін тартатыны белгілі. Мұндағы мақсат - азаматтарды аңду емес, аман алып қалу, дейді мамандар.
Бөлісу