Мемлекеттік қызмет QazTech жүйесіне көшіріледі
Мемлекеттік қызмет тұтастай QazTech жүйесіне көшіріледі. Соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталығында енді техникалық ақау мүлде болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Бүгінде еліміз электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызынан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Тұрғындар бір жылда оларды 51 миллион мәрте пайдаланған. Былтыр тамыз айында eGov Mobile қосымшасында AI интеллектуалды іздеу жүйесі іске қосылды.
Жаслан Мәдиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
Осының барлығы бұрынғы модельден бас тартуға мүмкіндік береді. Бұрын жүйені әзірлеуге жылдар кетіп, одан кейін қауіпсіздікті тексеруге де көп уақыт жұмсалатын. Енді жаңа сервистер бірнеше айлар, тіпті апталар ішінде әзірленіп, іске қосылуы мүмкін.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Саяси жүйе жаңарды
30.10.2026, 20:09