Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
Колумбияда алапат жер сілкінісі құрбандарының саны 132-ге жетті. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі талай адам үйінділердің астында жатыр. Қуаты 7,4 баллдық зілзала ошағы Чоко провинциясында 103 шақырым тереңдікте анықталды. Дүмпуді Эквадор, Панама және Венесуэла тұрғындары да сезген. Қазір табиғи апаттан қираған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Жер сілкінісінен Колумбияның кофе шаруашылығы аймағындағы Перейра қаласы мен оның айналасындағы елді мекендер ең көп зардап шекті. Өзге бір мәліметке қарағанда, жүздеген адам жараланып, 200-ге жуығы жоғалып кеткен.
Абелардо Де Ла Эсприэлла, Колумбия президенті:
Біз қазір Кали қаласының Бірлескен командалық орталығында тұрмыз. Сіздерге соңғы әрі жаңартылған мәліметтерді ұсынғым келеді. Жалпы алғанда, 5 мыңдай үй зақымданды немесе құлады. Жараланғандар саны болса, шамамен 700-ге жетіп, 188 адам жоғалып кетті. 39 мектеп пен әуежай да зардап шекті. Бізді аса алаңдатып отырғаны мәселе – ізім қайып кеткен адамдардың тағдыры.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13