7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
Еліміздегі жұмыс күші тапшы 7 өңірдің біріне қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады. Мақсат – бұл облыстарға білікті мамандарды тартып, еліміздегі демографиялық және экономикалық жағдайды жақсарту. Сонымен, қай өңірге көшуге болады және қомақты қаржыны алу үшін не істеу керек?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына бағытталған бағдарламаның шарттары өзгеріп, мемлекеттік қолдау көлемі артты. Енді бағдарлама қатысушылары баспана сатып алу үшін мемлекеттен 7 миллион теңгеден астам қайтарымсыз қаржылай көмек алады. Өзгеріс биыл 14 тамызда күшіне енеді. Бірақ бұл ақша азаматқа қолма-қол берілмейді. Сертификат жаңа қоныстанған жерден үй сатып алуға немесе ипотеканың бастапқы жарнасын төлеуге жұмсалады. Мемлекет баспана құнының 50 пайызына дейін өтейді. Мәселен, 10 млн теңгенің үйін алсаңыз, оның 5 млн теңгесі өтеледі. Ал құны 20 млн теңгелік баспана алсаңыз, шекті мөлшерге байланысты 7 028 125 теңгеге дейін көмек беріледі. Яғни, 7 миллион теңге – барлығына бірдей берілетін нақты сома емес, ең жоғары шегі. Сонымен, азаматтар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарына қоныс аударуы керек. Бағдарламаға осы өңірлерге қажетті мамандар қатыса алады. Мемлекет жұмыс табуға, оқуға және кәсібіңіз болса, соны дамытуға көмектеседі. Бұдан бөлек, көшіп барған әр отбасыға 302 мың теңге төленеді. Сондай-ақ баспана сатып алғанға дейін мемлекет 12 айға дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық шығындарды өтеуге ай сайын субсидия төлейді. Бағдарламаға қатысу үшін migration.enbek.kz порталы арқылы өтініш беруге болады. Порталдан бос жұмыс орындары мен қоныс аударуға арналған мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты да көруге болады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
Абай күні Семейде сән-салтанатымен тойланды
10.08.2026, 20:06