Өзбекстанда Абай күнін атап өту дәстүрге айналған
Өзбекстанда Абай күнін атап өту дәстүрге айналған. Жыл сайын Ұлы ойшылдың құрметіне жыр мүшәйралары, конференциялар мен концерттер ұйымдастырылады. Бүгін көрші елдегі қандастарымыз бен Өзбекстан билігінің өкілдері Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Өлеңдерін жатқа оқып, екі ел достығы жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Көрші елде Абайдың жүзге жуық шығармасы өзбек тіліне аударылған. Алдағы уақытта ақынның барлық шығармаларын тәржімалау жоспарланып отыр. Себебі Абай мұрасы – екі халыққа да ортақ рухани қазына.
Абдулла Рүстемов, Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі:
Абайдың шығармашылығы өте кең. Дүниеге кеңінен таралған. Қанша үйренсек те, аз болады. Сол үшін біз Абайды зерттей береміз. Өзбек еліне бұдан да жақын таныстыруға әрекетімізді жасай береміз.
Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы:
Абай өзінің рухани ұстазы ретінде Науаиды айтқан екен. Сондықтан мына Әлишер Науаи, Абай тағы да басқа ақын-жазушалар екі елдің достық көпірінің дәнекері.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47