«Абай мұрасы» республикалық челленджі басталды
Астана жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен әлеуметтік желіде #АбайМұрасы атты республикалық челлендж басталды. Олар өлең оқып, хәкімнің қара сөздерін насихаттап, әндерін шырқады.
Игі бастама ұлы ақынның әдеби мұрасын дәріптеу және өскелең ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Себебі Абай дегенде – қазақ жұрты, болмаса қазақ халқы дегенде – Абай есімі еске түседі. Тұғырлы тұлғаның келбеті бүгінде тұтас елдің болмысын айшықтап тұр. Қазіргі уақытта челлендж Алматы, Шымкент, Павлодар және Талдықорған қалаларының, сондай-ақ Жетісу облысының жастар ресурстық орталықтары тарапынан қолдау тауып, республиканың өзге де өңірлеріне кеңінен таралып жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18