WhatsApp аккаунтты алаяқтардан қорғау нұсқаулығы
WhatsApp аккаунтыңызды алаяқтардан қорғаңыз. Ішкі істер министрлігі осылай деп үндеу жасады. Жеке мәлімметтер таралып кетпеуі үшін не істеу керек? Жанел Нұрболатқызы тарқатады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
«Уатсап аккаунтымды ұрлап, әлдебіреу туыстарымнан ақша сұраған. Мессенджер өзінен-өзі бұғаттала береді». Тұрғындар осындай жағдайларға жиі тап болады. Бірақ әккілерді тоқтатудың жолы бар. Ішкі істер министрлігі аккаунтың қауіпсіздігін күшейту үшін екі сатылы тексеруді қосуды ұсынады. Ол қалай? Әуелі «Жалпы параметрлердегі» «Аккаунт» бөлімін таңдайсыз. Одан кейін «Екі сатылы тексеру» бөліміне өтіп, «Қосу» батырмасын басыңыз. Сосын алты таңбалы PIN-код орнатып, электрондық поштаңызды жазасыз. PIN-кодты ешкімге айтуға болмайды. Осы қадамдарды жасағаннан кейін енді сіздің аккаунтыңызға ешкім кіре алмайды. Алаяқтардан қорғанудың тағы бір жолы - аккаунтыңызға қосылған құрылғыларды тұрақты түрде тексеру. Ол үшін қайтадан «Жалпы параметрлерді ашасыз. Мұнда «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін таңдап, тізімді қарап алыңыз. Егер өзіңізге белгісіз құрылғыны байқасаңыз, оны таңдап, «шығу» батырмасын басу керек. Ішкі істер министрлігі күмәнді сілтемелер арқылы өтпеуге кеңес береді. Егер танысыңыз мессенджер арқылы шұғыл түрде ақша аударуды сұраса, міндетті түрде оған телефон арқылы хабарласып, хабарламаны шынымен сол адамның өзі жібергеніне көз жеткізу керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18