Қытайдағы тайфун салдарынан миллионнан аса адам эвакуацияланды
Қытайдың шығысына «Дельфин» тайфуны соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, миллионнан астам адам эвакуацияланды. Сұрапыл дауыл жағалаудағы аудандарға сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жеткен.
Қытайдан бұрын «Дельфин» Филиппин аралдарына, Тайванның солтүстігіне және Жапонияның Окинава аралына жауын әкелді. Қазір алапат тайфун Қытайдың ішкі аудандарына жылжып барады. Синоптиктердің дерегінше, бүгін Шаньдун, Хэнань, Хубэй, Аньхой, Цзянсу, Чжэцзян және Шанхай қалаларында жауын құюы мүмкін.
Тайфуннан аймақта көлік қатынасы қиындап, бір Шанхайдың өзінде 1400 әуе рейсі доғарылды.
Чен, Гуандун провинциясының тұрғыны:
Мен далаға шыққым келмеді. Дауыл. Ешқайда кете алмай жүрміз. Пудун әуежайына екі күн бұрын ұшып келіп, Диснейлендке бардық. Ал бүгін кері қайтуымыз керек еді. Бірақ рейс доғарылған екен.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13