Басты Жаңалықтар Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда

Ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларға жағдай жасалуда

Қарағанды облысында барлық сайлау учаскелері ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін толықтай бейімделген.

Модульдік оқу орталығы ретінде қаладағы №16 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Басқа да дауыс беру учаскелерінің өкілдері осында келіп мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру жолдарын үйренеді. Мұнда мүгедектер арбасымен келген жандардың дауыс беруіне ыңғайлы арнайы кабина, ғимарат ішіндегі қозғалыстың бағытын көрсететін навигация және дыбыстық ақпарат тарататын құралдар бар.
Нияз Сүндетәлиев, Qamqor plus МҚБ төрағасы:
Бұл сайлау учаскесін барлық талаптарға сай келеді деп, толықтай айта аламын. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған. Көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға Брайль қарпіндегі трафареттер мен аудиобюллетень қолжетімді. Ал арба пайдаланушылар үшін дауыс беруге қолайлы орта жабдықталыпты.
Есту қабілеті нашар сайлаушылар үшін учаскеде индукциялық жүйе, яғни дыбыс күшейту қондырғысы орнатылған. Есту аппаратымен жұптасып жұмыс істейтін жүйе мүгедектігі бар жандарға комиссия мүшелерімен қарым-қатынасты ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Жалпы өңірде ерекше қажеттілігі бар 6245 сайлаушы тіркелген.
Салтанат Мақаева, №16 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:
Есіктің астында мнемосхема бар. Мнемосхемада өте жақсы көрсетілген. Қай жерден кіру керек, шығу керек. Қай жерде демалыс орыны бар, қай жерде әжетхана бар, қай жерде сайлау залы бар екені барлығы көрсетілген. Түрлі-түсті датчиктер бар. Сосын ауызша сөйлеп тұратын датчиктеріміз бар. Ол жаңағы көзі толық көрмейтін сайлаушыларға арналған және де естімейтін.


Бөлісу