WhatsApp аккаунтын қорғау қажеттігі ескертілді
Жеке деректерді қорғау мақсатында Ішкі істер
министрлігі WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарға рұқсатсыз қол жеткізу
фактілері тіркелгені туралы ескертеді. Олар аккаунтыңыздың қауіпсіздігін
күшейту үшін екі сатылы тексеруді қосуды ұсынады. Сондай-ақ аккаунтыңыздың
бұзылу белгілері анықталған жағдайда, оны қорғау бойынша шұғыл шаралар
қабылдап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сонымен қатар телефон мен
компьютерді зиянды бағдарламалардың бар-жоғына тексеріп, SMS немесе мессенджер
арқылы келген растау кодтарын үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз. Бұдан бөлек
егер танысыңыздан шұғыл түрде ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, міндетті
түрде оған телефон арқылы немесе басқа байланыс құралы арқылы хабарласып,
хабарламаны шынымен сол адамның өзі жібергеніне көз жеткізіңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы