Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
Канаданың британдық Колумбия аймағында орман өрті бақылаудан шығып барады. Әсіресе Саммерланд қаласы маңындағы жағдай қиын. Мұнда тілсіз жау бірнеше күннен бері дес берер емес. Соңғы мәліметке қарағанда, аймақта төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған адам үйлерін тастап кетті. Эвакуацияланғандар саны 20 мыңнан асып отыр.
Әзірге бір адамның қаза тапқаны белгілі. Ол – үйін шарпыған өрттен қашып құтыла алмаған 80 жастағы әйел.
Жалпы алғанда, Канадада биыл 13600 гектардан астам жасыл желек күлге айналды. Және де шілде айында мұнда өрттің 200-дей ошағы тіркеліп, орманнан көтерілген қою түтіннен Торонтода ауаның сапасы нашарлап кеткен.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13