«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
Болашақ ойындары өз мәресіне жақындады. Турнирдің шешуші кезеңдері өтіп жатыр. Бүгін фиджитал-шутерден жүлдегерлер анықталады. Бұл - киберспорттағы атыс ойындарын нақты қимыл-қозғалыспен ұштастыратын дисциплина. Қазақстандық жанкүйерлер үшін бүгінгі бәсеке ерекше маңызды. Ел намысын қорғаған TeamKZ чемпиондық атақ үшін барын салмақ. Ал ертең жарыстың соңғы күні. Жаһандық доданың финалдық кездесулері өтеді. Астанадағы додаға 50 елден 800-ге жуық спортшы қатысып, Қазақстан атынан 11 команда өнер көрсетті. Турнирдің жалпы жүлде қоры да қомақты – 10 миллион доллар. Осылайша, екі аптаға жуық уақыт бойы спорт пен цифрлық технологияны тоғыстырған халықаралық турнир ертең аяқталады.
Родриго Оливарри, Мексикалық ойыншы:
Ең бастысы – финалға шыққанымызға қуаныштымыз. Ертең кіммен ойнасақ та, оңай болмайтыны анық. Финалда бәрі ұсақ-түйекке, детальдарға байланысты шешіледі. Жалпы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қашан қайта келетінімізді білмеймін. Бірақ Астана біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Бұл қалаға, Қазақстанға және бізге осындай керемет арман сыйлаған «Болашақ ойындарына» алғысымыз шексіз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16