Дәстүр мен креатив
Көненің көзін көргіңіз келсе, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне барыңыз. Ондағы әрбір бұйымда тарих пен ұлттың болмысы бар. Алматы облысының астаналықтарға ұсынған «Дәстүр мен креатив» жәрмеңкесі осы құндылықтарды заманауи форматта қайта жаңғыртты. Мұнда қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы дүниелерін елорда тұрғындарына ұсынып, тіпті олардың қалай жасалатынын да көрсетіп жатыр. Келушілер шеберлердің жұмысын тамашалап, тегін мастер-класқа қатысып, өз қолымен бұйым жасап көруге мүмкіндік алады. Шараның басты ерекшелігі дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысуы. Астананың креатив орталығында өтіп жатқан жәрмеңке ертең де жалғасады.
Қоңыр Бегдайыр, шебер:
Менің жасаған картиналарымда теріден жасалған халықтың өткен тарихын, қазіргі заманауи жаңа жасап, халыққа көрсету. Болашақ ұрпаққа соны қалдыру.
Әнуар Үмбеталиев, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
Алматы облысының атаулы даталары бар. Ол Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы, сол біздің ұлыларымыздың екі жылжымалы көрмесін алып келдік. Осы алаңды пайдалана отыра келушілерімізге кеңінен насихаттап, таныстырып отырмыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00