Құрылыс — ел дамуының қозғаушы күші
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының жылдық көлемі үш есеге артқан.
Соңғы үш жылда аймақта ондаған мектеп, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары пайдалануға берілді. Ауылдардың барлығы дерік орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Төрт теміржол вокзалы қайта жаңарды. Ендігі назар су, жылу, электр желілерін дамытуға бөлініп отыр. Еселі еңбектің артында өз ісіне адал азаматтардың еңбегі жатыр. Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында сол еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Сала ардагерлері мен үздік мамандарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.
Нәукен Жәмет, құрылысшы:
Сарыарқа-2 бағдарламсы бойынша Қызылорда-Астана бағытында газ магистралі құрылысында болдым. Қаратөбе ауданы Ханкөл, Соналы, Жарсуат елді мекендерінде мектеп салдық. Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында Мәдениет үйін салдық. Ел Президенті қолдау көрсетіп отырған Шыңғырлау теміржол вокзалын аяқтап келіп отырмыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18