Бидай импортына уақытша тыйым салынды
Қостанай облысында бидай импортына уақытша тыйым салынды. 6 ай мерзімге қойылған шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін өнімге қатысты. Дегенмен, теміржол арқылы құс шаруашылығы мен астық өңдейтін кәсіпорындар сынды бірқатар ұйымға бидай жеткізуге рұқсат. Сондай-ақ транзиттік тасымалға да тосқауыл жоқ.
Ділназ Әмірбекова, Қостанай, облысы бойынша МКД баспасөз хатшысы:
Астық өңдеу кәсіпорындарына, лицензияланған элеваторларға және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясына әкеле алады. Бірақ мұндай бидайды сыртқы нарыққа шығаруға болмайды, тек өз қажеттіліктеріне ғана пайдалануы тиіс. Мұндай шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Мақсаты – отандық өнімге қолдау көрсету.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18