Басты Жаңалықтар Конституцияда әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілді

Конституцияда әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілді

Табиғатты аялау мәселесінің конституциялық құндылық ретінде бекітілуі ел тұрғындары тарапынан қолдау тауып отыр. Президент бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы қолға алынғаннан бері экологиялық жауапкершілік еселене түсті. Жоба іске асқалы Республика бойынша 5 миллионнан ас ағаш отырғызылды. 3,5 миллион гектарға жуық аумақ тазартылып, миллиондаған тонна қалдық шығарылды. Ал әрбір азаматтың табиғатқа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау міндеті еліміздің басты құқықтық құжаты деңгейінде бекітілуі жауапкершілікті жаңа деңгейге көтереді деп сенеді, экологтар.

Татьяна Пономарева, эколог, «Берегиня-Био» қоғамдық қорының жетекшісі:

Жаңа Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың конституциялық деңгейде айқындалуы Қазақстан тарихында тұңғыш рет дер едім. Бұл келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді нақтылау. Бұл теқ қоршаған орта тазалығы ғана емес, ой тазалығы, ниет тазалығы арқылы жаңа қоғамдық мәдениетке ұмтылуымызға серпін береді.
Бөлісу