Құрылтай сайлауы – саяси жаңару көрінісі
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері отыз жылдан астам уақытта ауқымды саяси реформалар жүргізіп келеді. Құрылтай сайлауы – осы үдерістегі маңызды қадамдардың бірі. Халықарлық сарапшылар алдағы науқан елдегі билік жүйесінің өзгеруіне тың серпін береді, - деп бағалап отыр.
Оливер Ролофс, Қауіпсіздік және коммуникация саласының маманы:
Бұл – заманауи әрі болашаққа ұмтылған Қазақстанды қалыптастыру жолындағы тағы бір ауқымды бастама. Елдегі мықты, сенімді әрі заманауи мемлекеттік институттар тұрақтылық пен экономикалық дамудың, сондай-ақ халықаралық сенімнің негізі саналады. Қазақстан – Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Энергетика, маңызды шикізат ресурстары және Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орта дәліз тұрғысынан елдің стратегиялық маңызы зор. Сондықтан Қазақстан азаматтарына сайлаудың сәтті өтуін тілеймін.
Автор
Ернұр Медет