Сайлау учаскелеріндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдай тексеріліп жатыр
Ақмола облысында 23-тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр.
Әсіресе, мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімді болуы басты назарда. Пандустар мен тұтқалардың және кіреберістердің ыңғайлы болуы қазірден тексеріліп жатыр. Сондай-ақ құпия дауыс беруге арналған кабиналар, кресло-арбаларға арналған орындар, байланыс құралдары мен қажетті жабдықтардың әзірлігіне көңіл бөлінді. Тек Көкшетау қаласы бойынша сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 8 көлік пен 5 инватакси, 7 сурдоаудармашы бекітілген.
Еркін Ғаббас, Көкшетау аумақтық комиссиясының мониторингтік тобының өкілі:
Біздің қаламызда 65 сайлау учаскесі бар. Соның 10-ын тексердік. Жаңа ғимарат болғандықтан барлық стандарттары сақталған. Кабинкаға кіруге зағип жандар үшін, құлақтары естімейтін, көздері көрмейтіндерге барлық жағдай жасалған. Микрофондар, лупалар, брайль арқылы таңдау жасайтын құрылғылары бар.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18