Қазақстан азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініш қабылдау басталады
Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар тестілеуге 10-20 тамыз аралығында өтініш бере алады. Сынақ 22 тамызда өтеді. Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Емтихан қазақ тілі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша үш бөлімнен тұрады. Барлығы 100 баллдың кемінде жартысын жинау қажет. Экзаменге 2 сағат 10 минут беріледі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған.
Тестілеу құны – 14 мың 693 теңге. Ал дайындық үшін сынақ тестін 3 мың 355 теңгеге тапсыруға болады.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25