Басты Жаңалықтар Тегін оқуға мүмкіндік: Университеттер 2 мыңнан астам білім грантын ұсынды

Тегін оқуға мүмкіндік: Университеттер 2 мыңнан астам білім грантын ұсынды

Мемлекеттік білім грантына түсе алмаған талапкерлер үшін керемет жаңалық. Тегін оқуға мүмкіндік бар. Жоғары оқу орындары 2 мыңнан астам білім грантын ұсынды. Бұл мүмкіндік кімдерге беріледі? Бірінші ҰБТ нәтижесі әсер етеді. Яғни университет белгілеген шекті балл болуы керек. «Алтын белгі» иегерлері, олимпиада жеңімпаздары, республикалық, халықаралық және облыстық деңгейдегі жетістіктер, ғылыми, шығармашылық, спорттық жарыстардың нәтижелері және әлеуметтік жағдай ескеріледі. Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін білім грантының иесі бола алады. Қандай Жоғары оқу орындары қанша білім грантын ұсынып отырғанын Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына кіріп, біле аласыздар.

Бөлісу