«Таза Қазақстан»: 400-ден астам адам экологиялық тазалық акциясына қатысты
Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Державинск қаласының орталық алаңына жиналған жарқайыңдықтар алдымен «Туған жерге тағзым – ортадан басталады» деген атпен экологиялық квест ұйымдастырды. Одан соң тазалық акциясына кірісіп, жиектастарды әктеді, шашылған қоқыстарды жинады. Игі шара қалада ғана емес, ауданның барлық елді мекендерінде өтті. Оған шамамен 400-ден астам адам қатысты. Нәтижесінде 120 тонна қоқыс шығарылған. Жалпы, жыл басынан ауданда 76 сенбілік ұйымдастырылып, 3700-ге жуық көшет отырғызылды, 7 заңсыз қоқыс орны жойылды.
Милана Подрезова, Жарқайың ауданының тұрғыны:
Акция аясында ауданның, қала және ауыл тұрғындары қоршаған ортаны абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына белсене қатысуда. Мұндай игі бастама туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Туған жердің тазалығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17