Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
Қызылорда облысында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қазір 13 адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Олар Шиелі ауданы аумағындағы
Қаратау жотасында тау-тасты қопарып алтын сынықтарын іздеген. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері нақты жоспар
құрып, барлық іс-әрекетін ойласқан түрде жүзеге асырған. Бір топ жерден алтын
іздесе, енді біреуі бағалы металды тасымалдап, сатумен айналысқан. Тіпті қазба
жұмыстарын жүргізетін аумаққа бақылаушылар қойып, қару-жарақпен күзеткен.
Құзырлы органдар бірлесіп, әккі қылмыскерлердің заңсыз әрекетін тоқтатты.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды. Қазір 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10