Басты Жаңалықтар Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды

Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды

Қазақстанның қызмет экспорты 2025 жылы 12,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Экспорттың негізгі бөлігі көлік қызметіне тиесілі. Оның көлемі 5,7 миллиард долларға жетіп, бір жылда 5,2 пайызға өскен. Бұл жалпы қызмет экспортының 44,8 пайызына тең. Ал шетел азаматтарының Қазақстандағы шығындарын қамтитын сапар қызметінің көлемі 12,4 пайызға артып, 2,9 миллиард долларды құраған. Телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызметтер экспорты 35,6 пайызға өсіп, 1,4 миллиард долларға жетті. Оның ішінде компьютерлік қызметтер экспорты алғаш рет 1 миллиард доллардан асты. Жалпы осы үш бағыт елдің қызмет экспортынан түсетін кірістің 78 пайызын қамтамасыз еткен. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында қызмет экспорты тағы 14,1 пайызға өсіп, 3,1 миллиард долларға жетті. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанның қызмет экспортындағы негізгі өсім көлік, сапарлар және компьютерлік қызметтер есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Бөлісу