ШҚО-да телемұнараға шығып алған екі бала құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында полицейлер мен құтқарушылар телемұнараға шығып, түсе алмай қалған екі баланы құтқарды. Оқиғаны жергілікті тұрғындар байқап «102» желісіне хабарласқан. Жедел жеткен тәртіп сақшылары мен құтқарушылар биіктен 5 және 6 жастағы балаларды түсіріп алды. Жасөспірімдер жарақат алмаған, дін аман. Олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қауіпті нысандар маңына балаларды қараусыз жібермеу керектігі қатаң ескертілді. Уақытында көмек бермегенде телемұнараға шығып кеткен жасөспірімдер қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін еді, дейді мамандар.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18