Басты Жаңалықтар «Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті

«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті

«Азаматтық қоғам және партиялар. Өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын іздеу жолында». Осындай атаумен Жезқазған қаласында  «Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті. Жиын барысында сарапшылар саяси өзгерістер жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлін, оның саяси партиялармен өзара іс-қимылы, қоғамдық диалог пен азаматтық белсенділікті дамытуға ықпалын талқылады. Сонымен қатар электоралдық мәдениет, халықтың саяси процестерге қатысуы мен қоғам сенімінің деңгейі мәселеріне ерекше назар аударылған.  Іс-шараға өңірдің үкіметтік емес секторы, академиялық қауымдастығы мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері және  Ұлытау мен Қарағанды облыстарының  қоғамдық кеңестерінің мүшелері қатысты.

Риззат Тасым, қазақстандық Қоғамдық даму институты Институционалдық талдау және реформалар орталығының басшысы:

Халық арасынан, респонденттердің басым көпшілігі осы саяси институттар арқылы партияларға сенім деңгейінің артқанын көріп отырмыз. Одан бөлек, үкіметтік емес ұйымдарға сенім деңгейі бірқатар артқанын көріп отырмыз. Сондықтан да, олардың өзара ықпалдастығы қоғамдық-саяси белсенділікті одан сайын жандандыруға және қоғам сенімін одан сайын ұлғайтуға септігін тигізеді.


Бөлісу