Талдықорғанда 150 адамға арналған оңалту орталығы салынып жатыр
Талдықорғанда 150 адамға арналған оңалту орталығы салынып жатыр. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдар денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай, күнделікті өмір мен еңбекке де бейімделеді. Нысан құрылысына ел қазынасынан – 9 миллиард теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, өңірде мұндай орталықтарға сұраныс жоғары. Себебі Жетісу облысында 26 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның 3 мыңнан астамы – балалар. Құрылысы былтыр қазан айында басталған ғимарат келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі.
Сания Наурызбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
Стационарлық жағдайдағы мекемелерде олар тәулік бойы қамтамасыз етілсе, жартылай стационарларда тек күндізгі уақытта қамтамасыз етіледі. Ал бұл оңалту орталығының ерекшелігі – дәрігерлердің ұсынымына сәйкес, бізге келіп тіркелгеннен кейін олар 1 айдан 6 айға дейін осы қызметтерді тұрақты түрде ала алады.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05