Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды, 64 учаскенің шекарасы өзгертілді. Осылайша жаңарған әрбір нысан сайлаушылардың дауыс беруіне қолайлы болмақ.
Жалпы, өңірде Құрылтай депутаттарының сайлауына 730 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарланған. Олар 520 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасайды. Бүгінде учаскелерде бір үлгідегі дауыс беру кабиналары орнатылып, бейнебақылау камерасы мен ғаламтор желісі тартылған. Ал мүгедектігі барлар үшін барлық қажетті құралдар қойылып жатыр. Жалпы, облыс бойынша 532 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың құрамында 3700-ден астам мүше бар.
Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сайлау комиссиялары мүшелерінің 92,3 пайызы 3 жылдан 5 жылға дейін сайлау өткізу тәжірибелері қалыптасқан. Қазіргі кезде сол сайлау комиссияларының мүшелерін кәсіби деңгейін көтеру мақсатында осы алдағы тамыз айының бірінші онкүндігінде оқыту семинары өтеді. Қызметін мәдени түрде көрсету, сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыру жұмыстары тұрғысында оқытамыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05