Сайлау учаскелерінің дайындығы тексеріле бастады
Елордада Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары тексеріліп жатыр. Мамандар күн сайын учаскелерді аралап, мүгедектігі бар азаматтарға жасалған жағдайды пысықтап жатыр. Талаптарға сай келмеген нысан басшыларына кемшіліктерді жою туралы ескерту жасалды. Комиссия мүшелері сайлауға дейін Астана бойынша ашылған 438 учаскенің барлығын тексеруді жоспарлап отыр.
Зухра Бекенова, №181 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:
Бізде, мысалы, №172, №181 сайлау учаскелері орналасқан. Себебі бұл жерде адам саны көп. Гейдар Алиева, Мәңгілік ел, Ұлы дала, Ақмешітте көптеген үй салынып жатыр. Сол үшін бізге екі участок бөлінді. Сол үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар болатын болса, төрағасы үйлеріне барады, сондай мүмкіндік жасаймыз. Егер жоқ, өзіміз барамыз десе, басты кіреберіс арқылы кіргізе аламыз.
Руслан Кеңесбаев, «Азат» мүгедектер ҚБ басқарушы төрағасы:
Келгенде тұрақты байқамадық. Нұсқаушы да көрінбейді. Келген адам қай жаққа баратынын білмейді, белгісіз. Кіреберістері сәйкес келмейді. Әжетханадағы батырмалар биікте тұр. Негізі ол не үшін жасалған, келген кісі құлап қалған жағдайда көмек шақыру керек. Әкімшілік арқылы ол шешіледі деп үміттенемін.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07