Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
Дүниежүзілік футбол қауымдастығы – ФИФА-ның президенті Джанни Инфантино Әлем чемпионатын жартылай жекешендіру жоспарын қателік деп мойындап, кешірім сұрады. Дегенмен ол ФИФА-дағы қолдаудың арқасында лауазымын сақтап қалған. Мұндай шешім ФИФА басқармасының Мароккода өткен отырысында қабылданды.
Инфантиноның турнирлерді жекешелендіру жоспарына УЕФА ғана емес, Солтүстік Америка, Азия, Кариб аймағының футбол қауымдастықтары үлкен наразылық білдірді. Кейбір сарапшылардың ойынша, Инфантиноны ФИФА билігінен аластатуға Африканың қолдауы жетіспей тұр.
Тағы бір айта кететін жайт – АҚШ Конгресі Инфантинодан Құрама Штаттар үкіметімен, соның ішінде, президент Дональд Трамппен жақын байланысы туралы тамыздың 9-на дейін есеп беруді талап етіп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06
Несиені мерзімінен бұрын өтегендер сақтандыру ақшасын қайтара алады
05.11.2026, 20:04
Каспийдегі оқиғаға қатысты 8 лауазымды тұлға қамауға алынды
05.11.2026, 20:03
Түрікменстан Президенті Астанаға ұшып келді
05.11.2026, 20:02