Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
Қытай елге кіру және шығу тәртібіне жаңа ережелер енгізеді. Жаңа талаптар 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Ережеге сәйкес, виза рәсімдеу немесе шекарадан өту кезінде жалған мәлімет берген шетел азаматтарына аспан асты еліне 1 жылдан 5 жылға дейін кіруге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ экспорттық бақылау мен технологиялық қауіпсіздік талаптарын бұзған Қытай азаматтарының елден шығуына шектеу қойылады. Бұдан бөлек, билік азаматтарды қауіпті өңірлерге сапар шегу тәуекелі туралы алдын ала ескертіп, қауіп деңгейі жоғары аймақтарға бармауға шақырады. Жаңа талаптар көші-қон қызметін көрсететін агенттіктерге де қатысты. Олар тіркелгеннен кейін 15 күн ішінде иммиграциялық органдарда есепке тұруы тиіс. Ал шетелдік компанияларға Қытай аумағында мұндай қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы