«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
«Жетінші арнаның» тікелей эфирінде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын жеті партия өкілдерінің теледебаты өтті. Бұл жолғы пікірсайыс білім беру жүйесін дамытуға арналды. Партиялар өз бағдарламаларын таныстырып, саланың түйткілдерін шешуге қатысты ұстанымдарын ортаға салды.
Сайлау - таңдау десек, теледебат сол таңдауға бастайтын таным таразысы болмақ. Саяси дода төрт бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар сайлауалды бағдарламалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өзара ой алмасты. Кейін білім беру саласын дамытуға қатысты бастамаларын таныстырды. Үшінші бөлімде көрермен сауалдарына жауап берсе, қорытынды кезеңде халыққа үндеу жасады. Барлық кандидатқа бірдей уақыт, тең мүмкіндік қарастырылған. Теледебаттың Құрылтай 2026 деп аталуы, дәл 20:26 да басталуы да бекер емес.
Ильхам Ибрагим, «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры:
2026 жыл бұл еліміз үшін де тарихи сайлау болайын деп отыр. Өйткені тұңғыш Құрылтай және Құрылтайдың тұңғыш сайлауы болғандықтан, біз «Құрылтай 20:26» деп атадық. Оның үстіне дебатта тек қана тайминг бойынша жұмыс істейміз. Кез келген партияға біркелкі уақыт беріледі. Яғни, сол атауының өзінен қатаң таймингтің бар екенін көрсету үшін солай атадық.
Астанадағы «Қазмедиа орталығының» концерт залында ұйымдастырылған жоба дәстүрлі дебаттан өзгеше форматта өтті. Әлеуметтік желі қолданушылары мен көрермендер де тікелей эфирге қосылып, сауалдарын жолдады. Сондай-ақ экрандағы QR-код арқылы онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, әр кезеңнің соңында нәтижесі жарияланып отырды.
Сырым Итқұлов, саяси шолушы:
Мұндай шынайылық жетіспейтін дебаттар керек. Яғни алдын ала дайындалған сөздер емес, қағаздан оқыған есеп шоттар емес, ашық сұраққа қойылған ашық жауап. Ол тек қана сұраққа жауап емес, өзінің конкуренттерімен, яғни оппоненттерімен әр пункт бойынша қарсыласуы.
Сөз көкпарда партия өкілдерінің қай-қайсы да халықтың жүрегіне жол тауып, сенім атты қазандыққа салым салғысы келгені белгілі. Барлығы дерлік ұтымды ой айтып, нақты аргументпен жауап беруге тырысты. Пікірсайыстың түпкі мақсаты да осы. Сайлаушыға саналы шешім қабылдауға қажетті ашық ақпарат ұсыну.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01
МӘМС қорының төрағасы қаржы жымқыру ісіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:00