Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
Солтүстік Қазақстан облысында Преснов және Соколов топтық су торабының құрылысын аяқтауға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлінді.
Жоба Преснов су құбыры арқылы Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарындағы 43 ауылды, ал Соколов су құбыры арқылы Қызылжар ауданындағы 10 ауылды сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді. Аталған елді мекендерде 38 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын топтық су құбыры желісі орналасқан. Ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. 229 ауылды сумен қамтамасыз етеді. Былтыр Арнаулы мемлекеттік қордан инфрақұрылымды дамытуға 45 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 48 жоба қамтылған болатын. Преснов және Соколов топтық су құбырларын жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған.
Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Қазіргі уақытта 171 шақырым магистральдық су құбыры мен тармақтары, сондай-ақ 46 шақырым тарату желісі тартылды. Сонымен қатар Мамлютка қаласында Новомихайловка және Явленка ауылдарында қысымды реттеудің нысандарын салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05