Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
Өскемендегі коммуналдық мекеме жұмысшылары таң атқанша жұмыс істеді. Кеше болған дауылдың салдарын жою үшін 270 маман және 41 арнайы техника жұмылдырылды. Көшелердегі суды сорғызу жұмысы да тоқтаған жоқ. Аймақтық энергетикалық және қаланы жарықтандыру мекемесінің мамандары да үзілген желілерді қайта қалпына келтіріп жатыр. Тосыннан болған табиғат апаты кезінде қалада екі көпқабатты және 4 жеке үйдің шатыры бүлінген. Екі жеңіл көлікті тоғай басып қалды. Шамамен 20 минут соққан бұршақты дауылдан тек Өскеменге 20 милииметр жауын жауған. Қалада 25 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.
Алмат Ақышов, қала әкімі:
Қала аумағында 15 ағаш құлаған. Соның кесірінен кейбір жолда кедергілер болған. Қазір барлық ағаш алынып, жолдар қайта қалпына келтірілді. Облыс әкімінің нақты тапсырмасы бар. Бұл жұмыстар толық аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05