Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды. Жалпы, сотқа 10 мыңға жуық ұсыныс жолданды. Оның 4 мыңнан астамы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға, ал 6 мыңнан астамы пробация есебінде тұрғандарға қатысты. Заң аясында жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс жасап, келтірген залалды толық өтеген азаматтарға рақымшылық жасалады. Ал жемқорлық, экстремизм, педофилия үшін жазасын өтеп жүргендер мен аса ауыр қылмысқа барғандар рақымшылыққа ілікпейді.
Нияз Рыспаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:
Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды. Босатылғаннан кейін олар әкімшілік қадағалауында болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды, сонымен қатар 760-тан аса сотталғанның мерзімі қысқартылды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05